Мыңнан аса ауылды интернетпен қамту жоспарланған

Автор: Qyzyljar News

 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі интернет пен мобильді байланыс сапасын жақсарту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ауылдық елді мекендерде байланыстың қолжетімділігі мәселесіне де жіті назар аударылды. Мәселен, бүгінде 6 290 ауылдың 2 606-на оптикалық желі тартылды. Ал мобильді интернет 4 866 елді мекен тұрғындарына қолжетімді. Қолданыстағы салық жеңілдіктері аясында 2023 жылы 1 161 ауыл 4G технологиясына қосылған.

Байланыс операторларының лицензиялық міндеттемесіне сәйкес, 1 076 ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ұлттық жоба аясында мемлекет-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3 010 ауылда оптикалық байланыс желісін тарту көзделіп отыр. Жобалар қорытындысына сәйкес 2,4 млн адам интернетке қол жеткізеді деп күтіледі.

 

Связанные новости

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтемиров, 333marat@rambler.ru

 

@2021 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz